2025 жылдың жазында Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры мен Halyk Bank өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Оның негізгі бағыттарының бірі азаматтардың құқықтарын қорғауды және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аясында медициналық көмекке қол жеткізуді қамтамасыз ету болды.
Белсенді ақпараттық-түсіндіру жұмыстары үшін банк МӘМС-ке төлемдерді өткізіп алған клиенттерге хабарлама жолдау бойынша жаңа сервисті іске асырды.
Хабарламалар ай сайын жарна төлеушілердің екі санаты бойынша жолданады:
• келесі айда сақтандырылған мәртебесі аяқталатын азаматтарға;
• «медициналық қызметтерді тұтынушы емес» (сақтандырылмаған) мәртебесі бар азаматтарға.
«Екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшасы арқылы хабарламалар сервисін іске асыру МӘМС жүйесіне жарналар мен аударымдарды төлеу міндеттілігі қағидатына негізделген. Бұл тетікті таңдау оның танымалдылығына, ыңғайлылығына және кең функционалдылығына байланысты: клиент хабарлама алып, бірден қосымшада төлем жасайды», - деп атап өтті Қордың басқарма төрағасының орынбасары Жұлдыз Рамазанова.
«Біз өз клиенттерімізге барлық қажетті ақпаратты ыңғайлы және уақтылы алуға көмектесеміз. МӘМС бойынша push-хабарламаларды іске қосу – бұл әлеуметтік қызметтердің ашықтығы мен қолжетімділігін арттыруға бағытталған банктің цифрлық сервистерін дамытудағы кезекті қадам», - дейді Halyk Bank басқарма төрағасының орынбасары Нариман Мукушев.
Айта кетейік, МӘМС мәртебесін тексеру бойынша мұндай сервис бұған дейін Еуразиялық банктің мобильді қосымшасында іске асырылған, сондай-ақ Фридом Банк Қазақстан тарапынан іске асыру сатысында тұр.

25.12.2025
66% считают статью полезной
Была ли эта статья для вас полезной ?
Сонымен қатар оқыңыз
Қазақстан денсаулық сақтау саласын қаржыландыруды мемлекеттік басқарудың жаңа моделіне көшуде
2026 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ денсаулық сақтауды қаржыландыруды мемлекеттік басқарудың жаңа моделіне көшуге дайындықтың бірінші кезеңін аяқтады.
Жүргізіліп жатқан
трансформация мемлекеттік ресурстарды пайдалану тиімділігін арттыру, денсаулық
сақтау...
08.07.2026
БАНКТЕРДІҢ МОБИЛЬДІ ҚОСЫМШАЛАРЫНДАҒЫ PUSH-ХАБАРЛАМАЛАРДАН КЕЙІН 835 МЫҢНАН АСТАМ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ МӘМС ЖҮЙЕСІНДЕ САҚТАНДЫРЫЛҒАН МӘРТЕБЕСІН АЛДЫ
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшалары арқылы push-хабарламалар жіберу жолымен азаматтарды міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесіндегі мәртебесі туралы хабардар ету сервисінің жұмыс нәтижелеріне талдау жүргізді.
02.07.2026
ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ҚОРЫНДА ҚОҒАМДЫҚ-КОНСУЛЬТАТИВТІК КЕҢЕСТІҢ ЖАҢАРТЫЛҒАН ҚҰРАМДАҒЫ АЛҒАШҚЫ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
Кездесу Медицина қызметкерлері күні қарсаңында ұйымдастырылып, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін одан әрі жетілдіру мәселелерін талқылауға арналған маңызды алаңға айналды.
23.06.2026